ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қостанай қаласы, Белинский көшесі, 5 үй
+7 7142 73 15 54
ossh122@kst-goo.kz

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122
НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №122 ОТДЕЛА
ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕНЮ
17
Наурыз
2023

Іс-шараның мақсаты-патриоттық сезімдерді, толеранттылықты қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін бекіту. Мерекеге балалар тамаша көңіл-күймен, дәстүрлі қазақ тағамдарымен, ұлттық киіммен келді.  Балалар қазақ және орыс тілдерінде өлең оқып, ән шырқады. Оқушылар қызғалдақ туралы аңызды наурыздың символы ретінде білді. Салт-дәстүрмен және қазақ халқымен танысты.  Мереке кезінде Шашу салты өткізілді.  Балалар Тұсау кесер салты туралы айтып берді, бейнебаянды көрді. Мерекеде қазақтың ұлттық ойындары "ұшты-ұшты" "Сиқырлы ауыл", "Бага", "Теңге алу"ойындары ойналды. Балалар өздерінің ептілігін, тапқырлығын көрсетті.  Мереке бай дастархан басында дәстүрлі шай ішумен аяқталды. Балаларға мереке өте ұнады. Оқушылар мерекеден тамаша көңіл күймен кетті.

17
Наурыз
2023

16 наурыз күні 1 "А" сыныпта "Біз Наурызды қарсы аламыз" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Балалар өлең оқып, қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады. Балаларға арналған ата-аналар ұлттық тағамдары бар мерекелік дастарханды дайындады. Онда Наурыз-көже, бауырсақ, құрт, тәттілер және  қазақтың дәмді шайы болды!  Сыныпта мерекелік атмосфера болды!

15
Наурыз
2023


❗ Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

📍 1 сәуірден 1 тамызға дейін 122 НОМ құжаттарды қабылдау басталады.

📍 Өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz немесе «SAKURA: e-school» электронды порталы (https://int.school.kst-goo.e-orda.kz) арқылы беріледі.

14
Наурыз
2023

Мектеп жоспарына сәйкес "Тіл Әлемі" әдістемелік бірлестігінің "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының ашылуы.

14
Наурыз
2023

Әдістемелік бірлестік апталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9А сыныбында ашық сабақ. Тақырыбы "Бес арыс". Мұғалім Турсумбаева Г.С.

14
Наурыз
2023

«Қазақ халқының ұлттық ойындары» спорттық жарыстары 5-9 сыныптар

© 2023. Все права защищены.