Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті ата-аналар, мектеп формасына қойылатын талаптар.

2026-2027 жаңа оқу жылы қарсаңында міндетті мектеп формасына қойылатын
талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
14 қаңтардағы №26 бұйрығымен реттелетінін хабарлаймыз. Жаңа оқу жылында
аталған бұйрықтың талаптары өз күшінде қалады.
Мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келеді және
күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, салтанатты
және күнделікті жейде, трикотаждан тігілген кофта (кардиган), поло
жейдесі немесе тенниска кіреді; қысқы кезеңде - трикотаждан тігілген
жилет пен сукөйлек (водолазка) киюге болады.
Қыз балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар,
классикалық блузка, трикотаждан тігілген кофта (кардиган), поло жейдесі
немесе тенниска кіреді; қысқы кезеңде - трикотаждан тігілген жилет,
сарафан және сукөйлек (водолазка) киюге болады.
Шалбар бос болуы және тобықты жауып тұруы тиіс.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының 13-тармағына сәйкес мектеп
формасына әртүрлі конфессияларға тән діни атрибутика элементтерін
енгізуге жол берілмейді.
Ата-аналар (заңды өкілдер) мектеп формасын тігін кәсіпорнынан немесе
мектеп киімін сататын сауда желілерінен өз таңдауы бойынша сатып алуға
құқылы.
Білім алушылардың білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киіп
жүруін қамтамасыз ету ата-аналардың (заңды өкілдердің) міндеті болып
табылады.
Түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға
жаңа 2026-2027 оқу жылына сәтті дайындық тілейміз!