❗❗❗ Құрметті ата - аналар!
Жалпы білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін еске саламыз.
2022 - 2023 оқу жылына біздің мектепке бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Білім туралы " ҚР Заңына сәйкес 1-сыныпқа ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 жасқа толған (міндетті түрде)және ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толған (ата-анасының қалауы бойынша) балалар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады egov.kz сондай-ақ "SAKURA: электрондық мектеп" электрондық порталы арқылы https://int.school.kst-goo.e-orda.kz).
Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет::
1) ата - анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) медициналық анықтамалар: денсаулық жағдайы туралы № 065/е нысаны (егу картасы), №026/Е-3 нысаны (денсаулық паспорты);
3) баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негізі:
1) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;
2) ұсынылған құжаттардың білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып - жиынтықтардың толып кетуі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша 731645, 731554 телефон нөмілері бойынша қоңырау шалыңыз.