«Адал ұрпақ» үйірмесінде оқушылар маңызды өмірлік жағдаяттарды талқылап,
әңгімелесуге қатысып, өз ойларын ортаға салып, күнделікті өмірден
мысалдар келтірді. Сабақ барысында оқушылар адалдық, әділдік,
жауапкершілік және дұрыс таңдау жасау туралы ой бөлісті. Талқылау
нәтижесінде ар-ұжданға сай әрекет етудің, айналадағы адамдарды
құрметтеудің және өз іс-әрекеттеріне жауап берудің маңыздылығын түсінді.
Мұндай сабақтар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға
және адал, жауапты ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді. «Адал ұрпақ — жарқын
болашақ кепілі!»
