Осы аптада «Жас эколог» үйірмесінде оқушылар «Тірі және өлі табиғат»,
«Адам және табиғат» тақырыптарымен танысты.
Табиғат пен адамның жасаған заттарын ажыратып, қоршаған ортаны қорғау
туралы әңгімелестік. Пластикалық бөтелкеге «екінші өмір» сыйлап, пайдалы
қаламсап салғыш жасадық.
