Осы аптада «Жас зерттеуші» үйірмесінде оқушылар қоршаған ортамен, оның
негізгі құрамдас бөліктерімен танысып, адам мен табиғат арасындағы өзара
байланысты білді.
Экология, табиғатты қорғау және оған ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы
әңгімелестік. Сонымен қатар шағын зерттеулер жүргізіп, өз қолдарымен
қарапайым тәжірибелер жасады. Оқушылар бақылау жүргізуге, сұрақтар
қоюға, жауап іздеуге, қорытынды жасауға және қоршаған ортаны өз бетінше
зерттеуге үйренді. Апта қызықты, танымды әрі жаңа шағын жаңалықтарға
толы болды!
