Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/122.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

7 «А» сынып оқушыларынан құралған жол қозғалысының жас инспекторларының жасағы XXXXVIII қалалық слетіне қатысты. Жол қозғалысының жас инспекторы (ЖҚЖИ) жасағының командирі Перегудова Тамара. Барлық жасақ саптық байқауға, үгіт бригадаларының конкурсына және «ЖЖЕ білгірлері» байқауына  қатысты. Жас санитарлар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, балалар кедергілер жолағында мәнерлеп велосипед жүргізуді көрсетті (Могилко Артем). «Эрудиттер турнирінде» (Токмаганбетова Зарина) ЖЖИ қозғалысының даму тарихы туралы өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ (Адынец Максим)  «Жас реттеуші» байқауында реттелмейтін қиылыста автокөліктер мен жаяу жүргіншілер ағынын басқару мүмкіндігі көрсетті.


«Жас жол қадағалаушылар» үйірмесінің жұмысы  туралы ақпарат

Қостанай қаласының бастауыш сынып оқушылары арасында ЖҚЕ бойынша қалалық олимпиадада 1 «а» сынып оқушысы Дусекеева Адель, 2 «а» оқушысы Танатқан Әмір, 3 «б» оқушысы Абакиров Эмир, 4 «в» оқушысы Зубко Кирилл қатысты.


ЖЖҚ бойынша ақпарат

Жас жол қадағаушылар отрядының мүшелері Козубова Ксения, Махмудов Руслан, Сапаров Батырхан, Ибраев Рустем балалардың  «Жолда мұқият бол!» атты суреттер көрмесін безендірді. Балалардың суреттері мектептің 2-қабатын жайнатты. Суреттер бойынша  олар көшеде немесе жолда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін және жол ережелерін сақтауды біле алады.


«Жас жол қадағалаушылар» үйірмесінің жұмысы туралы ақпарат.

«Жас жол қадағалаушылар» үйірмесінің келесі сабағында балалар жол белгілері туралы әңгімеледі. Сонымен бірге, оқушылар жол апатына ұшырамау үшін, көшеде және тасжолда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтты.


«Полицияның жас көмекшілер» үйірмесінің жұмысы туралы ақпарат

«Полицияның жас көмекшілер» үйірмесінің мүшелері оқушыларды теріс қылықтардан аулақ ұстауға тырысады. Олар мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізеді.


Мектептің үшінші қабатында жедел ақпарат алу үшін пайдаланылатын «ЖЖЕ бұрышы» бар. Сонымен бірге, мында оқушыларға жол апатына ұшырамау үшін, көшеде және тасжолда өзін қалай ұстау керектігі туралы кеңестер берілген.

Желтоқсан айында Қостанай қаласы «Жол ережесі бойынша үздік мектеп кабинеті» деген қалалық байқауына қатыстық. Байқау аясында бейнероликтер, фотоматериалдар және үйірме жұмысы  туралы ақпараттар жіберілді.


ЮПП отряды әр оқушының тағдырына қызығушылық танытады, қиын балалармен мақсатты жұмыс жүргізеді, оқушыларды теріс қылықтар жасаудан алшақтатуға тырысады. Жасақ мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізеді.

Жасақ басшысы мен сынып жетекшілері келесі іс - шараларды өткізді:

  • «Ереже әлеміндегі адам» терроризмге қарсы күрестің алдын алу бойынша 5-сынып оқушылары арасында сынып сағаттары;
  • «Мектепте, үйде, көшеде, көлікте жүріс-тұрыс ережелері» 1-сынып оқушылары арасында әңгімелесу;
  •  «Салауатты өмір салты», «Бала құқықтары туралы» 5,6,7,8 сыныптарға арналған әңгімелер.

Мектептің ЮПП отряды «Полицияның жас көмекшілерінің үздік үгіт бригадасы» номинациясы бойынша полицияның жас көмекшілерінің мектеп отрядтарының қалалық сырттай конкурсына қатысты.


Балалардың жол – көлік жарақатының алдын алу, білім алушыларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету, жол қозғалысы ережелерін білудің сапасын жақсарту мақсатында 27 қазанда 5-9 сынып оқушылары ЖЖЕ бойынша қалалық олимпиадаға қатысты. Олимпиада онлайн режимінде өтті. Әрбір қатысушы жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға арналған ЖЖЕ бойынша сұрақтарға жауап берді (тест тапсырмалары мектептегі ЖЖЕ оқу бағдарламасына сәйкес келді).


Балалардың жол – көлік жарақатының алдын алу, білім алушыларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету, жол қозғалысы ережелерін білудің сапасын жақсарту мақсатында 27 қазанда 5 - 9 сынып оқушылары ЖЖЕ бойынша қалалық олимпиадаға қатысты. Олимпиада онлайн режимінде өтті. Әрбір қатысушы жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға арналған ЖЖЕ бойынша сұрақтарға жауап берді (тест тапсырмалары мектептегі ЖЖЕ оқу бағдарламасына сәйкес келді).