Дәстүр бойынша, 1 қыркүйекте біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Содан кейін 1-9 сынып оқушылары үшін "Мектеп-мейірім мекені!» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағаты аясында адам өміріндегі тәрбиенің, патриотизмнің, адалдықтың, бір-біріне деген құрмет пен сенімнің ұлттық құндылықтарының рөлін талқылауға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!