2022 жылы 28 қазанда 5-9 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі өткізілді.Олимпиада білім алушылардың ғылыми білімін насихаттау және ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушыларды жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың келесі кезеңдеріне қатысуға іріктеу және дайындау мақсатында өткізілді. Барлығы - 89 оқушы қатысты.