2025 жылдың 7 қарашасында біздің мектепте бірыңғай облыстық жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуде 2025-2026 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, I тоқсанның қорытындысы шығарылды, балалар қауіпсіздігінің маңызды тақырыптары, сондай-ақ аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің, кибербуллингтің және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу талқыланды. Ата-аналарға балада мүмкін болатын қолайсыздықтың белгілері, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы және мұғалімдер мен психологтардан уақтылы көмек сұрау туралы еске салынды. Мұндай іс-шаралар мектеп пен отбасы арасында тиімді өзара іс-қимыл құруға, әріптестік пен өзара түсіністікті нығайтуға, әрбір оқушының табысты және қауіпсіз дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.