2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады.
Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс - қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.
Атаулы датаға орай Елбасы кітапханасы Қазақстанның гуманистік миссиясы - ғаламшарды жаппай қырып-жоятын қарудан босатып, ядролық қарудан азат әлем құруға арналған бейнеролик дайындады.