Ата-аналар жиналысы — балалар қауіпсіздігі үшін бірге.
2026 жылғы 28 қыркүйекте балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке
толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне
арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында балалардың қауіпсіз мінез-құлқы, алаңдататын
белгілерді дер кезінде анықтау, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың
маңыздылығы және балаға қажетті қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Балаларға қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруда, олардың өзін
қауіпсіз сезінуі мен ата-анасына деген сенімін нығайтуда ата-аналардың
рөліне ерекше назар аударылды.
Мектеп пен отбасының бірлескен күш-жігері арқылы ғана балаларымыз үшін
қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз!
