Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс
қорытындыларын шығарды.
Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Бас прокуратураның 2026
жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларына арналған
кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырыс барысында қадағалау органының басшысы: «Прокуратура органдары
қызметінің басты назарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті
Қазақстан құруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық
қауіпсіздікті нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын
мүлтіксіз қорғауға арналған бағытын іске асыру мәселелері тұр».