Бүгін Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде Мектеп парламентінің
ұйымдастыруымен педагогикалық еңбек ардагерлері — математика пәнінің
мұғалімі Алшинбаева Кундызай Алибековнамен және химия пәнінің мұғалімі
Бегалина Саулеш Кадырлиновнамен жылы әрі әсерлі кездесу өтті.
Дөңгелек үстел барысында тәжірибелі педагогтер ұстаздық жолдағы
қиындықтар мен қуанышты сәттер туралы естеліктерімен бөлісіп, әр баланың
жүрегіне жол табу, оқушылардың сеніміне ие болу және мамандыққа деген
сүйіспеншілікті сақтау жөнінде әңгімеледі.
«Бір даналық кеңес» айдарында ардагер ұстаздар жас әріптестеріне ақжарма
тілектерін білдіріп, ұстаздық шеберліктің негізінде балаға деген
сүйіспеншілік, жауапкершілік, мейірімділік, сабырлылық пен адамгершілік
жатқанын атап өтті.
Кездесу өзара құрмет пен ризашылық атмосферасында өтті. Ардагер
ұстаздарымызға көпжылдық адал еңбегі, даналығы, баға жетпес тәжірибесі
және мамандыққа деген беріктігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
