2026 жылдың 14 қазанында Қостанай қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі
мен «Socium & Me» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобасы аясында
9-сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу және дәріс өтті. Іс-шара
барысында діни сауаттылықты арттыру, этносаралық және конфессияаралық
татулықты нығайту, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы қағидаттарын ұстанудың
маңыздылығы сияқты мәселелер қозғалды.Мұндай кездесулер әртүрлі
мәдениеттер мен діни көзқарастарға құрметпен қарауды қалыптастырады,
төзімділікті насихаттайды және қоғамдық бірлікті нығайтады.
