Егер қиын болса — жай ғана қоңырау шал!
«№122 негізгі орта мектебі» КММ-сі өңірлік психологиялық қолдау және
тәрбие жұмысы орталығы ұйымдастырған «Егер қиын болса — жай ғана қоңырау
шал» облыстық ақпараттық-түсіндіру акциясын қолдайды. Акция балаларға,
жасөспірімдерге және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетуге,
сондай-ақ күйзеліс, алаңдаушылық, жанжал және буллинг жағдайларын
еңсеруге көмектесуге бағытталған.
Өз уайымдарыңызбен жалғыз қалмаңыз — көмек әрқашан жаныңызда!
Көмек сұрау — әлсіздік емес, мәселені шешуге жасалған маңызды қадам.