Іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында барлық сыныптарда Қазақстан Республикасы күніне арналған сынып сағаттары өтті. Білім алушылар өздерінің туған өлкесі, Қазақстан Республикасы, мемлекетіміздің тарихы, ҚР Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетіп қана қоймай, ой- өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Осының бәрі оқушылардың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік қасиеттерді, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.