«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық - педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет болып табылады.
Себебі қазір www.egov.kz «электрондық үкімет» веб - порталында электронды түрде өтініш беру мүмкіндігі пайда болды, ата - аналардан «Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтініштерді тек www.egov.kz. «электрондық үкіметтің» веб - порталы арқылы қабылдау қажет. Өтініш беру жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб - порталы арқылы құжаттар пакетін ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы;
Көрсету мерзімі 2 жұмыс күні.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Нұсқаулық |