Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында бүгін 1-9 сынып оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Басты мақсаты- өскелең ұрпақты Отанға, елге, қоршаған әлемге, туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқауда әнді орындаудың өзіндік ерекшелігі, вокалдық шеберлігі, әннің мәнін жеткізе білуі және патриотизм бағаланды. Балалар патриоттық әндер байқауын өткізу идеясына үлкен ықыласпен қарады, оны дайындау мен өткізуге белсенді қатысты.