Солардың бірі – қазақ әдебиетінің классигі, әлемге танымал көркем сөз шебері, аса ірі ғалым – Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Қазақ жері ежелден бері ұлы да дарынды адамдарға әсіресе бай болған. Солардың бірі – қазақ әдебиетінің классигі, әлемге танымал көркем сөз шебері, аса ірі ғалым – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Мектеп кітапханасында жазушының туғанына 125 жыл толуына орай «Шоқтығы биік жазушы» деген тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Сөренің орталық орыны М. Әуезов шағармашылығының шыңы, жазушының жұлдызды кітабы «Абай жолы» роман-эпопеясына берілген. Көп томдық тарихи роман әлем әдебиеті мен мәдениетінде жарқын із қалдырған. Жазушының шынайы шығармашылық қаламы қазақ халқының болмысын, өмір энциклопедиясын, ұлттық болмысын, рухани байлығын жарқын әдеби бояулармен жеткізеді. Сонымен бірге оқырман назарына жазушының басқа да шығармалары ұсынылады. Олар: «Көк Серек», «Жас ру», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Үнді кездесулері». Қазақ даласының атақты ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезов өз шығармашылығымен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне орасан зор үлес қосты, және бізге өзінің жарқын прозаик және драматург талантын жомарттықпен сыйлады.