Цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ескатова Д.О. 6 - 9 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы ұрлық пен мүліктік құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында оқушыларға заңнаманы сақтау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сондай - ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және әрбір іс - әрекет үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.
