Құрметті ата - аналар!
Ата - аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру және бірыңғай педагогикалық ұстаным негізінде отбасы мен мектептің тиімді өзара іс - қимылын ұйымдастыру, ата - аналар мен педагогтер ынтымақтастығының жаңа нысандарын енгізу мақсатында мектепте "Үндестік"облыстық жобасын іске асыру басталды.
Барлық мүдделі тараптардың ынтымақтастығының тиімділігіне қол жеткізу және мектеп әкімшілігі мен ата - аналар арасында кері байланыс алу мақсатында жоба шеңберінде ата - аналар мектеп әкімшілігімен кездесуге болатын уақыт белгіленген
"Директор сағаты" - сәрсенбі, сағат 09.00 - ден 13.00 - ге дейін, мектеп басшысының м.а. Аймаганбетова Маржан Толепбергеновна
"Әкімшілік қабылдау бөлмесі" - дүйсенбі сағат 15.00 - ден 17.00 - ге дейін, директордың ОІЖ орынбасары Ажмаканова Касира Амришевна, Пономарева Татьяна Александровна
"Әкімшілік қабылдау бөлмесі" - жұма, сағат 15.00 - ден 17.00 - ге дейін, директордың ТІЖ орынбасары Кабыкова Айгуль Кошербаевна, Досмаилова Ильгиза Жуманазаровна
Сіз тікелей сөйлесіп, сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап ала аласыз.
Сондай - ақ ата - аналар, сіздер үшін мектеп сайтында "Сұрақ - жауап" айдары ашық, Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта онлайн сұрақтар қоя аласыз.