13 сәуірдегі №120 мектептің «Ақшалай қаражат алуға жол бермеу туралы»
бұйрығы негізінде мектепте ата-аналардан (заңды өкілдерден) кез келген мақсатта ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде ҚР "Білім туралы" Заңына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарға сәйкес шығарылды. Назар аударыңыз, мына шаралаға ақша жинауға тыйым салынады: - 4 және 9 сыныптарда бітіру іс-шараларын өткізу; - «Соңғы қоңырауды» ұйымдастыру және өткізу; - сыйлықтар сатып алу, сыныптарды безендіру және басқа да қажеттіліктер. Сондай ақ еске саламыз: - мектеп, мұғалімдер немесе сынып жетекшілері атынан ақша жинау бойынша кез келген бастамаларға жол берілмейді; - педагог қызметкерлерге ақша жинауды ұйымдастыруға қатысуға қатаң тыйым салынады; -барлық іс-шараларды, соның ішінде «Соңғы қоңырауды» және 4 және 9 сыныптарды бітірген соң салтанатты іс-шараларды мектеп өз бетінше өткізеді. Сіздерден қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауыңызды және осы шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сұрақтар туындаған жағдайда сіз мектеп әкімшілігіне 8 (7142) 73-17-29 телефоны арқылы хабарласа аласыздар. Құрметпен, Мектеп директоры Маржан Аймаганбетова
