Мектебімізде алғаш рет брендбуктер енгізіліп, мектеп кеңістігі мазмұнды
әрі көркем безендірілді.
Мектеп қабырғаларынан оқушыларға бағыт-бағдар беретін маңызды
құндылықтар мен тәрбие бағыттарын көруге болады. Атап айтқанда, «Адал
азамат» тұжырымдамасы, отансүйгіштік пен бірлік, ұлттық мәдениет,
Қазақстан Республикасының Конституциясы, дұрыс тамақтану, білім мен
Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасы кеңінен насихатталған.
Бұл брендбуктер — жай ғана көрнекі безендіру емес. Олар мектептегі
біріңғай білім беру және тәрбие кеңістігінің ажырамас бөлігі. Күнделікті
ортада осындай құндылықтарды көріп өскен бала оларды бойына сіңіріп,
маңызын терең түсіне түседі.Мектебіміздің әр бұрышы — білім мен тәрбиені
ұштастыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды орта болсын!