2023 жылғы “Мектепке жол " республикалық акциясы 2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Биыл қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса"ұранымен өтуде. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу өте қымбат. Әсіресе бірнеше бала бірден тәрбиеленетін отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қиын. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге ниет білдіретіндер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №122 негізгі орта мектебі" КММ-не немесе 73-15-54 (қабылдау бөлмесі), 87757237317 (әлеуметтік педагог) телефоны бойынша тікелей жүгіне алады.