2009 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Өткізу мерзімі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында, ағымдағы жылда қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса"ұранымен өтуде. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2023 жылғы мамырда әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 58 бала ата-аналарының карточкалық шотына 40 567 теңге алды, жалпы сомасы 2 352 886 теңге болды. "Мектепке жол" акциясының басынан бастап 122 НОМ демеушілері: -Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, мектептің Қамқоршылық кеңесі, Қостанай қаласының полиция басқармасы, Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімі, Альянс дүкені, ЖК “Арима”. Барлықтарыңызға көмек бергеніне, азаматтық жауапкершіліктеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.