Наурыз мейрамының көктемгі мерекесі қарсаңында кітапханада осы ежелгі мерекенің ерекшеліктерін ашатын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қазақ халқының салт - дәстүрлерімен таныстырады. Наурыз мейрамының Шығыс халықтарының өміріндегі маңызы туралы баяндайды. Мерекенің пайда болу тарихы, оны өткізу дәстүрлері, салт - дәстүрлері, наным сенімдері, ойындары, мерекелік тағамдар – мерекенің бүкіл ұлттық көрінісі көрме материалдары арқылы ұсынылған. Көрмеде түрлі баспа өнімдерін орналастырылған: иллюстрацияланған энциклопедиялар, үш тілде түрлі - түсті кітап - альбомдар: «Қазақ халқының ұлттық киімдері = National clothes of Kazakh people = Национальная
одежда казахского народа», «Қазақ халқының салт - дәстүрлері = Kazakh traditions and customs = Традиции и обряды казахского народа», «Қазақтың дарқан дастарқаны = National kitchen of Kazakhs = Национальная кухня казахов», сонымен қатар түрлі - түсті журналдары, балаларға арналған «Наурыз мейрамы», «Наурыз» жарқын кітаптары бар. Сіздер көрме материалдарына жүгініп, осы ежелгі мерекені дайындау және өткізу дәстүрлері туралы қызықты фактілерді біле аласыз. Осылайша, қазақ халқының ғасырлар бойғы ұлттық, мәдени дәстүрлері мен құндылықтары ұрпақтан - ұрпаққа сақталып, ұқыпты берілуде.