2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру «Мектепке жол - шексіз жақсылық!» акциясы шеңберінде өткізіледі.
«Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай - ақ ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын ал.
Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 122 негізгі мектебі» КММ әкімшілігі біздің қаламыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.
Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын 8(714-2) 73-16-45 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.