Бүгін біздің мектепте 8-9 сынып оқушылары арасында "Оқитын ұлт" жобасы аясында ұйымдастырылған "Оқитын мектеп" бағыты бойынша онлайн-тестілеудің мектеп кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты-оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін дамыту. Іс-шараның негізгі міндеттері:
- көркем және танымдық әдебиеттерді оқуға тұрақты мотивацияны қалыптастыру;
- оқу сауаттылығын, аналитикалық ойлауды және мәтінді қабылдау мәдениетін дамыту;
- оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және командалық қызметін жандандыру;
- дарынды және оқуға құмар оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқау қорытындысы бойынша мектеп құрама командасын қалыптастыру үшін жеңімпаздар тізімі бекітілді:
8 сыныптар:
1 орын— Михайлова Ольга Михайловна
2 орын — Загребина Екатерина Александровна
3 орын — Усолкина Полина Андреевна
9 сыныптар:
1 орын — Максимова Марина Геннадьевна
2 орын — Козубова Ксения Денисовна
3 орын — Дадаева Анастасия Сергеевна