4 қарашада мектепте педагогикалық кеңес өтті Педагогтер «Оқу мотивациясын дамыту және тиімді кері байланыс арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбын талқылады.
Педагог-психолог Тофан В.В. оқушылардың оқу мотивациясын қолдау бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ажмаканова К.А. І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының нәтижелерін таныстырды.
Мұғалімдер оқу мотивациясын арттыруға көмектесетін әдістер, типтік қателермен жұмыс және сабақта оқушылардың
әртүрлі оқу қарқынын ескеру жолдары туралы тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық бөлімде қатысушылар ұсынылған тәсілдерді оқу үдерісінде қолдану мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог Сапабекова Д.Е. білім алушыларды әлеуметтік сүйемелдеу мәселелерін:
әлеуметтік паспорттарды жүргізу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актілерін рәсімдеу және есепке алу түрлерін түсіндірді. Педагогикалық кеңес тәжірибе алмасуға, әр оқушыны қолдау мен білім сапасын арттырудың
практикалық жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.
