Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Біздің мектепте бірінші тоқсанның қорытындысы мен балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды: балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің рөлі, 2026-2027 оқу жылының І тоқсанының қорытындысы, кәмелетке толмағандардың қылмыстық-әкімшілік жауапкершілігі және балалар қауіпсіздігі, «Отбасы-қауіпсіздік, сенім және өзара түсіністік аумағы» практикалық жаттығулар, «Баланың қауіпсіздігі отбасынан басталады» тренингі.

Кездесудің ерекше сәті алғыс хаттарды табыстау болды! Мектеп директоры М.Т.Аймағанбетова мектеп өміріне белсенді қатысқаны, оның дамуына қосқан үлесі, «Мектепке жол»республикалық акциясы аясында қайырымдылық көмегі үшін Ибраева Бибигуль Сергалиевнаны, Молдагалиева Алина Госеновнаны және Хекоян Геворг Вовиковичті алғыс хаттармен атап өтті.

Ынтымақтастық пен қолдауларыңыз үшін рақмет! Қауіпсіз балалық шақ-біздің ортақ жауапкершілігіміз! Біз бірге әр балаға сенім, қамқорлық және өзара түсіністік кеңістігін жасаймыз!