Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №122 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Педагогикалық көрме «Мектептің әдістемелік қазынасы»
Мектебімізде кәсіби тәжірибе алмасуға, тиімді әдістемелер мен
шығармашылық идеяларды насихаттауға арналған «Мектептің әдістемелік
қазынасы» атты педагогикалық көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында педагогтер өздерінің әдістемелік әзірлемелерін ұсынды:
•авторлық тапсырмалар мен жұмыс парақтары;
•дидактикалық ойындар;
•функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер;
•қалыптастырушы бағалау құралдары;
•цифрлық білім беру ресурстары;
•сабақ барысында жасанды интеллектіні қолдану жолдары;
•дарынды балалармен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім
алушылармен жұмыс жасауға арналған материалдар.
Көрме педагогтерге әріптестерінің озық тәжірибесімен танысуға, заманауи
білім беру тәсілдерін талқылауға және өздерінің кәсіби қоржындарын жаңа
практикалық идеялармен толықтыруға мүмкіндік берді.
Педагогтерімізге кәсіби шеберлігі, шығармашылығы, жаңашылдыққа ашықтығы
және өз тәжірибесімен бөлісуге деген дайындықтары үшін алғысымызды
білдіреміз!