Профилактикалық кездесу 2026 жылғы 11 қарашада 2-3 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Полиция майоры Э.Б.Нарбасова «ӘТЖК» ЖШС Қостанай филиалының өкілдері А.Т. Дюсенов және К.Р.Кульпеисовпен бірлесіп «Пиротехника» және «Сақтауға және алып жүруге тыйым салынған заттар»тақырыптарында түсіндірме әңгіме өткізді. Әңгімелесу барысында оқушыларға пиротехника, отшашуларды және басқа да пиротехникалық бұйымдарды, әсіресе ересектердің қарауынсыз пайдалану қаупі туралы айтылды. Сондай-ақ балаларға қандай заттарды алып жүруге және сақтауға тыйым салынғанын және белгіленген ережелерді сақтау неліктен маңызды екенін түсіндірді. Жазатайым оқиғалардың алдын алуға, денсаулықты сақтауға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Әр баланың қауіпсіздігі дұрыс білім мен жауапты әрекеттерден басталады!
