23 қазанда «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасы аясында 7-8
сынып оқушыларымен Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдерімен
профилактикалық онлайн-кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыптары
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және
жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды. Құқықтық мәдениетті
қалыптастыруға, жасөспірімдердің өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін
арттыруға және өмір мен денсаулықты сақтауға ерекше назар аударылды.
