"Глобус" ӘБ апталығы аясында биология пәнінің мұғалімі "Жаратылыстану калейдоскопы" зияткерлік ойын өткізді, оған 5 сынып оқушылары қатысты. Осы сыныптан тыс іс - шараның мақсаты білім алушылардың жаратылыстану пәніне танымдық қызығушылығын қалыптастыру, білім алушылардың жаратылыстану - математикалық пәндерді оқуға деген ынтасын дамыту болып табылады. Ойын барысында командалардағы білім алушылар өз білімдерін көрсете алды, тапқырлық танытты, "Пантомима" тапсырмасын орындау кезінде өз шеберліктерін және командалық жұмысын көрсете білді. Білім алушыларға одан әрі шығармашылық табыс тілейміз.